Жаңалықтар тізбегі
0

ШҚО да пробация қызметінің еріктілері сотталғандарға көмек көрсетті

ШҚО ҚАЖ Департаменті, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.11.2020 16:01 ШҚО ҚАЖ Департаменті
100 сотталған қараша айына 100 дана жол жүру билеттерін тегін алды.

Антарес қоғамдық қорымен және қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлерімен 100 пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарға Өскемен қаласының автобустарында тегін жол жүру билеттері берілді.

ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің Өскемен қалалық, Сол жағалау және Үлбі аудандық пробация қызметтерінде "бір айға тегін жол жүру билеттерін беру" қайырымдылық акциясы өткізілді.

Бұл акция пробация қызметінің есебінде тұрған көп балалы өмірлік қиын жағдайға тап болған сотталғандарға көмек ретінде берілді. Сотталғандардың өмірлік қиын жағдайын анықтау үшін пробация қызметінің еріктілері жұмыс істеді.

Бұл көмек есепте тұрған сотталғандарға қазіргі карантин кезінде сотталғандардың пробация есебіне келуге және жұмысқа бару үшін, балаларын балабақша және кезекші мектепке апару үшін жағдайы жоқ сотталғандарға жасалды.

Осылайша, 100 сотталған қараша айына 100 дана жол жүру билеттерін тегін алды.

Жалпы 9 ай ішінде Шығыс - Қазақстан облысы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарға 5000 мыңға жуық әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: