Жаңалықтар тізбегі
0

Көкшетау қаласында санитарлық посттар қойылады

azattyq-ruhy.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.11.2020 17:51 azattyq-ruhy.kz
Бұл - мәжбүрлі қажетті шара - облыс әкімі.

Ақмола облысының санитарлық дәрігерлері облыс орталығында карантиндік шараларды күшейту туралы жаңа қаулыны дайындап жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

716.kz порталының хабарлауынша, бұл Көкшетаудағы күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев айтқандай, Көкшетаудың айналасында санитарлық посттар пайда болады.

Аймақ басшысы Көкшетауда қолайсыз эпидемиологиялық жағдай қалыптасқанын өкінішпен атап өтті. Облыс орталығында ауру жұқтыру дерегі екі есеге артты.

Облыс әкімі өткен жұмада Премьер-министрдің Көкшетауға жұмыс сапарымен келгенін еске түсірді. Үкімет басшысына осы аптада ашылатын жаңа жұқпалы аурулар ауруханасы таныстырылды. Наурыздан қарашаға дейін 325 жасанды тыныс алу аппараты сатып алынды.

Өңірде жаңа рентген аппараттары, жылжымалы кешендер және басқалары да сатып алынды. Екі айлық дәрі-дәрмек қоры қалыптасты.

- Бірақ егер, біз өзімізді ойлап, сақтанбасақ, бұл бізге көмектеспейді. Біз "маска режимін сақтайық, мейрамханаларға бармайық" деп бекерден бекер шырылдап жатқан жоқпыз, - деді Ермек Маржықпаев.

Ол бүгін облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері карантиндік шараларды күшейту туралы қаулыға қол қоятынын айтты.

- Қала бойынша санитарлық посттар қойылатын болады. Бұл - қажетті шара. Біз сауда үйлерінің, мейрамханалардың, оқу орындарының жұмысын қарастырып жатырмыз. Шараның күшейтілуіне түсіністікпен қарауды сұраймын, - деді аймақ басшысы.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: