Еліміздің төрт облысы КВИ бойынша қолайсыз өңір қатарына еніп үлгерді
Еліміздің төрт облысы коронавирус инфекцисының таралуына байланысты қолайсыз аймақтар қатарына енді, деп хабарлайды zakon.kz.
ҚР Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметі бойынша, еліміздің төрт аймағы коронавирустың таралуына байланысты қолайсыз өңірге енді.
Олардың ішінде:
Шығыс Қазақстан облысы "қызыл зонаға" түсіп үлгерді (соңғы тәулікте мұндағы науқастар өсімі 226 жағдайды құрады)
Павлодар (бір тәулігіне ауру өсімі - 40 жағдай), Солтүстік Қазақстан (тәулігіне +34) және Ақмола облыстары - "сары зонада" (тәулігіне +28).
Қазақстанның барлық аймақтары үш зонаға бөлінеді: қызыл, сары және жасыл аймақтар.
"Қызыл аймаққа" 100 мың тұрғынға шаққанда 50-ден астам жағдай келетін елді-мекендер кіреді. "Жасыл аймаққа" - 100 мың адамға шаққанда 50 жағдайдан азы енеді.