Тоқаев Венадағы терактіге қатысты пікір білдірді
Ақорда
Халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін терроризмге, адамзатты жеккөрушілік идеологиясы мен әрекетіне қарсы тиімді біріктіру керек.
Қазақстан Президенті Венадағы террористік актіге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды zakon.kz.
"Венадағы жантүршігерлік терактіні ешқандай ақтап алуға болмайды. Австрия Үкіметі мен халқының қайғысына ортақпын. Халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін терроризмге, адамзатты жеккөрушілік идеологиясы мен әрекетіне қарсы тиімді біріктіру керек", деп жазды Президент Твиттерде.
3 қарашада Венада бірнеше жерде қарулы шабуыл орын алды.
Венадағы жантүршігерлік терактіні ешқандай ақтап алуға болмайды. Австрия Үкіметі мен халқының қайғысына ортақпын. Халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін терроризмге, адамзатты жеккөрушілік идеологиясы мен әрекетіне қарсы тиімді біріктіру керек.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) November 3, 2020
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript