Қостанай облысында аурухана бөлімшелері карантинге жабылды
иллюстрация үшін алынды
Мұндай шешім қабылдауға коронавирус жұқтырған аурухана қызметкерлері мен емделушілер санының артуы себеп.
Қостанай облысындағы Жітіқара аудандық ауруханасының көпбейінді терапевтік және хирургиялық бөлімшелері 19 қарашаға дейін екі апталық карантинге жабылды, деп хабарлайды zakon.kz.
ҚР Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, мұндай шешім қабылдауға коронавирус жұқтырған аурухана қызметкерлері мен емделушілер санының артуы себеп.
Бір ай ішінде 15 дәрігерден және 3 пациенттен вирус анықталған. Сол себепті қос бөлімше уақытша жабылып, науқастар қабылданбайды. Дегенмен аурухананың қабылдау, инфекциялық және босандыру бөлімшесі жұмысын жалғастыра береді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript