Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы дәрі-дәрмек қоры Covid-19-дың жаңа толқынына дайын

dailynews, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2020 20:23 dailynews
Алматыда жағдай тұрақты, дәрілік препараттар мен медициналық маскаларға жоғары сұраныс байқалмайды.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен қалада дәрілік препараттар мен медициналық өнімдерді тұрақтандыру қоры құрылды. Бюджеттен 10 млрд теңге бөлінді, оның 5 млрд теңгесі дәріханаларды дәрілік препараттармен қамтамасыз ету үшін резервтік қор құру үшін, тағы 5 млрд теңгесі стационарлар үшін бағытталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы әкімдігінің қаланы дәрілік препараттармен қамтамасыз ету жөніндегі үйлестірушісі Заңғар Сәлімбаев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында бүгінгі таңда қалада дәрілік препараттар мен медициналық маскалардың жеткілікті қоры бар екенін атап өтті.

"Пандемияның екінші толқынына дайындалу мақсатында Алматыда күн сайын дәрілік препараттар мен жеке қорғаныс құралдарының бар-жоқтығына мониторинг жүргізіледі. Бүгінгі таңда дәріханаларда дәрілік препараттар мен медициналық өнімдерге аса жоғары сұраныс байқалмайды", - деді ол.

Жалпы, 2021 жылғы 31 қаңтарға дейін кемінде 40 млн дәрі-дәрмек пен медициналық өнімдер жеткізу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда 33 млн медициналық препарат әкелінді, оның 14 млн - ы нарыққа жолданса, қалғаны қоймаларда сақтаулы. Сонымен қатар, қажет болған жағдайда фармацевтикалық препараттарды нарыққа жеткізу үшін пайдаланылатын 8 млн дәрі-дәрмектің төмендетілмейтін ең аз қоры сақталуда.

Сондай-ақ, "СК-Фармация" жанынан екі айлық қор деңгейінде тұрақтандыру қоры құрылды. "СК-Фармацияда" республика бойынша емханалар жанындағы қоймаларда препараттардың айлық қорының болуы жөнінде шешім қабылданды. Бұл өз кезегінде республика бойынша дәрі-дәрмек тапшылығын төмендетуге мүмкіндік береді.

"Шілде айындағы аурудың ең жоғары көрсеткіштерінің негізінде біз талдау жүргіздік және егер ағымдағы жылдың соңына дейін емханаларға 14 мың пациент келіп түссе, бұл оларды емдеу үшін жетуі екіталай, орташа алғанда, біздің есептеуімізше, 2 млн-нан астам препарат қажет болады. Бүгінгі таңда стационарларда қажеттіліктен асатын 3 млн - нан астам препарат бар, қамту 83% - ды құрайды", - деп атап өтті З.Сәлімбаев.

Осылайша, стационарлар мен емханаларда қаланың тұрақтандыру қорлары мен СК-фармациядан басқа препараттардың жеткілікті қоры болады.

Медициналық маскаларға келетін болсақ, қалада 6 ірі отандық өндіруші бар. Күніне өндірістік қуаты - 882 мың маска. Бұдан басқа, 15 ірі жеткізуші бар, оларда 20 млн.медициналық маска бар. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында СК-Фармация 10 млн маска сатып алды, олар қажет болған жағдайда нарықта сатылатын болады.

Қалада 867 дәріхана бойынша күнделікті мониторинг жүргізіледі, олар бүгінгі күні 95% - ға медициналық маскалармен қамтамасыз етілген. Маскалар күн сайын қаланың дәріханаларына түседі. Жалпы, Алматыда дәрі-дәрімектер мен медициналық маскаларға деген сұраныс жоғары емес.

Сонымен қатар, қаланың медициналық мекемелерінде 1,6 млн жеке қорғаныс құралдары бар. Жақын арада қосымша 2,7 млн ЖҚҚ жеткізу күтілуде. Қажет болған жағдайда, қала әкімдігі дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың қосымша қорын сатып алуға қаражат бөлуге дайын.

Жалпы, Алматыда жағдай тұрақты, дәрілік препараттар мен медициналық маскаларға жоғары сұраныс байқалмайды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: