Түркістан обылысында дәрі-дәрмек бағасын көтерудің жолы кесілуде

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.07.2020 19:04 Pixabay
Барлығы 50 мың теңгеден астам сомаға тәркіленуге жататын дәрілік және басқа да медициналық заттардың 396 қаптамасы мен 4 449 данасы айналымнан алынды.

Мемлекет басшысының дәрілік заттардың алыпсатарлық фактілерінің жолын кесу жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Түркістан облысы прокуратурасының үйлестіру шарасы негізінде прокуратураның, полиция, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті, экономикалық тергеу, мемлекеттік кірістер және фармацевтикалық бақылау департаменттері қызметкерлері қатарынан мобильді топтар құрылды, деп хабарлайды zakon.kz Түркістан облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың шілде айының 08-17 күндері аралығында әлеуметтік желілерде орналастырылған хабарламаларға мониторинг жүргізу және бірлескен шұғыл профилактикалық іс-шаралар қорытындылары бойынша дәрілік заттарды заңсыз сатуға байланысты жалпы 23 факті анықталды.

Оның ішінде жеке тұлғалардың дәрілік заттарды алып-сатудың 5 фактісі және дәріханаларда дәрілік заттарды жоғарылатылған бағамен сатудың 18 фактісі белгілі болды.

Барлығы 50 мың теңгеден астам сомаға тәркіленуге жататын дәрілік және басқа да медициналық заттардың 396 қаптамасы мен 4 449 данасы айналымнан алынды.

Анықталған заң бұзушылықтар бойынша кінәлі тұлғаларға қатысты құжаттар әкімшілік іс жүргізуді қозғау үшін уәкілетті органға жолданды.

Бүгінгі таңда 9 факт бойынша кінәлілер айыппұл түріндегі әкімшілік жауаптылыққа тартылса, 4 құжат сотқа жолданды.

Бұл бағытта жұмыстар әлі де жалғасуда.

Дәрілер жөніндегі алыпсатарлықтың және олардың көтеріңкі бағамен сатылуының кез-келген фактілері бойынша облыс прокуратурасына Түркістан облысы тұрғындарының хабарласуын (байланыс номерлері: 87015525525, 87782255221 WhatsApp) сұраймыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: