Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысы елімізді 70% ақ қантпен қамтамасыз етуге қауқарлы

wixstatic.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2020 21:58 wixstatic.com
Биыл өңірдің ауылшаруашылығын қолдауға 46,1 млрд теңге бөлінген.

Алматы облысында ауыл шаруашылығы дақылдарының егісіік алқабы жеті мыңға көбейтіліп, жалпы ауданы 969 мың гектарға жетті, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның ішінде қант қызылшасының ауданы - 16 мың га, жүгері - 87 мың га құрайды, 1,2 мың гектар алқапқа жаңа бақ бой көтерді. Биыл облыста ауыл шаруашылығын қолдауға 46,1 млрд теңге бөлінді, оның 40,6 млрд теңгесі - субсидия. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталов брифинг барысында мәлімдеді.

Көксу қант зауыты 260 мың тонна, Ақсу қант зауыты 500 мың тонна қант қызылшасын өңдеуге қауқарлы.Қазіргі кезде Көксу қант зауыты 260 мың тонна қант қызылшасын өңдеуге қауқарлы. Кәсіпорын 80 % қайта жаңғыртылды, өндіріс толық автоматтандырылған, бұл қант сапасын еселеп арттыруға ықпал етуде.

Тағы бір маңызды жайт – бұл зауыт табиғи газға қосылды. Кәсіпорынның экологиялық таза отынмен жұмыс істеп тұрғанына екі жыл болды. Бұл нысанға экономикалық жағынан тиімді болса, өңір үшін экологиялық жағынан тиімді. Бұрын зауыт маусымына 10 мың тонна мазут жақса, газға көшкелі отынға кететін шығын 1,5 есе кеміген.

Бүгінгі күні Ақсу қант зауытының кезекті жаңғырту жұмыстарынан кейін өңдеу қуаттылығы 350 мың тоннадан 500 мың тоннаға ұлғайтылды. Зауытта қант қызылшасынан шығатын жомды кептіруге арналған және оны түйіршіктейтін желі іске қосуға дайын.

"Қызылша жомы – малға таптырмайтын азық. Облыста мал бордақылау алаңдарының қатары артып келеді, сондықтан кептірілген жомды өткізу қиындық туғызбайды. Оның үстіне жаңа технологияның арқасында жом брикеттеліп, құрғақ күйінде жеткізіледі. Сонда ол ұзақ сақталады әрі өзінің пайдалы қасиеттерін жоғалтпайды. Сол сияқты ашытқы зауыты мен құрамажем зауытын салу арқылы өндірісті одан әрі кеңейту жоспарда бар. Сөйтіп зауыт қалдықсыз өндіретін кәсіпорын болады", - деді қант қызылшасы өндірісін дамыту туралы жоспарларымен бөліскен Амандық Баталов.

Инвесторлармен бірлесіп, қант зауытында қамыс шикізатын өңдеу бағытында жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Бұл зауыттың жыл бойы үздіксіз жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Қабылданған шаралардың арқасында 2023 жылға қарай облыс еліміздің ақ қантқа деген сұранысының 70% қамтамасыз ете алады (шығару – 350 мың тонна, қажеттілік – 480 мың тонна).

Алматы облысының қант қызылшасының бұрынғы даңқын қайта жаңғырту бағытында атқарған жұмыстары осындай.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: