Жаңалықтар тізбегі
0

Шалғын көбелекпен күреске кеткен шығынның 50 пайызы өтеледі – ҚР АШМ

Agro press, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.07.2021 16:36 Agro press
Биыл пестицидтерді субсидиялауға жалпы 32,3 млрд теңге, оның ішінде Ақтөбе облысына 545,8 млн теңге бөлінген.

Ағымдағы жылы еліміздің Солтүстік, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында климаттық жағдайларға байланысты шалғын көбелегінің жаппай көбею қаупі өсіп отыр, деп хабарлайды zakon.kz ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрлік тарапынан осы зиянды организмнің нақты таралу ареалын анықтау үшін қажетті фитосанитариялық тексерулер жүргізілді. Бүгінгі таңда 306,59 мың га жер зерттелді, жалпы таралу ауданы 16,979 мың га құрайды, оның ішінде Ақтөбе облысында таралу ауданы 2,892 мың га құрайды. Зиянкестің мемлекеттік қордағы жерлердің арам шөптерінде, сондай-ақ дәнді және майлы дақылдар егістіктерінің бойында таралуы байқалады.

Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Е. Қарашөкеевтің тапсырмасы бойынша Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы А. Марс Ақтөбе облысына шалғын көбелегіне қарсы күрес және қорғау шараларын жүргізу бойынша, жұмыстарды ұйымдастыру және қажетті басқарушылық шешімдер қабылдау үшін іс-сапарға жіберілді.

Айта кету керек, АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен бизнес өкілдерінің бастамаларына сәйкес, 2020 жылдан бастап шалғын көбелегіне қарсы қорғау шараларын жүргізу жөніндегі жауапкершілік пестицидтер құнының шығындарын 50% - ға дейін өтеу үшін субсидиялар бере отырып, жергілікті атқарушы органдардың құзыретінен, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің құзіреттеріне берілген.

Биыл пестицидтерді субсидиялауға жалпы 32,3 млрд теңге, оның ішінде Ақтөбе облысына 545,8 млн теңге бөлінген.

Техникалық қайта жарақтандыру бойынша инвестициялық субсидиялар беру аясында шаруа және фермерлік қожалықтарға өсімдіктерді қорғау құралдарын енгізу бойынша бүріккіштерді арзандату үшін өздігінен жүретін бүрку техникасы құнының 50% - ына дейін субсидиялау көзделген, сондай-ақ тракторлардың құнын арзандатылатын болады, отандық өндіріс тракторлары бойынша құнының 30% - ына дейін, импорттық өндіріс үшін 25% - ына дейін субсидиялау көзделген.

Қазіргі уақытта Ақтөбе облысының әкімдігімен 2,2 мың га алаңда химиялық өңдеу жүргізуге қаржы бөлінген. Қорғау іс – шараларын жүргізу тиімділігі жоғары бүріккіш техника-газ генераторларын пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: