Жаңалықтар тізбегі
0

Косово президенті қылмыс жасады деген айыптан кейін отставкаға кетті

Stringer / EPA / ТАСС, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2020 15:33 Stringer / EPA / ТАСС
Енді президент міндетін парламент спикері атқарады.

Жартылай танылған Косово республикасының президенті Хашим Тачи Гааганың Косово бойынша арнайы прокуратурасы оны 1998–1999 жылдары бұрынғы Югославиямен қақтығыста әскери қылмыс жасады деп айыптағаннан кейін қызметінен кетті, деп хабарлайды zakon.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап.

Тачи қызметінен кеткенін Приштинада өткен баспасөз мәслихаты кезінде мәлімдеді. Ол өзіне тағылған айыптарды мойындамайды.

Енді президент міндетін парламент спикері атқарады.

Таяуда Приштинада Еуропалық одақтың қауіпсіздік күшінің ықпалымен Косова парламентінің бұрынғы спикері Якуп Красничи ұсталған. Ол да Гаага арнайы прокуратурасының өтініші бойынша қамауға алынды.

Гаага арнайы прокуратурасы Тачиға және бірнеше шенеуніктерге қарсы айып таққан. Олар Косоводағы әскери жанжал кезінде жүзге тарта адамды өлтірді, ұрлады, зорлады деген күдікке ілінді. Тергеу ісінде құрбандардың дені әртүрлі этникалық топтың өкілдері болғаны айтылған. Құрбандардың тізімінде билікке қарсылық танытқан саяси қайраткерлер де бар деп атап өтеді Азаттықтың Балкан қызметі.

Хашим Тачи мен Кадри Весели 1990 жылдары Косовоны Азат ету армиясының қолбасшылары болған. Албан ұлтынан тұрған әскер 1998-1999 жылдардағы соғыста Белградтың қауіпсіздік күштеріне қарсы күресіп келген.

Албандар үстемдік еткен Сербия провинциясында 1998-1999 жылдары халықтық қозғалыс болып, Белград оны күшпен басқан. НАТО-ның 78 күндік бомбалауынан кейін Сербия әскерлерін Косоводан шығарды. Қақтығыс кезінде 10 мыңнан астам адам қайтыс болып, 1600-ден астам қазіргі күнде дейін белгісіз.

Косово 2008 жылы өзін Сербиядан тәуелсіз ел деп жариялады. Оның тәуелсіздігін әлемдегі 100-ден астам мемлекет, арасында АҚШ, Еуропалық одақтың көпшілік елі таныды. Белград пен Мәскеу және бірнеше ел Косовоны Сербияның бір бөлігі деп есептейді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: