Жаңалықтар тізбегі
0

Дәрігер коронавируспен ауырған адамға қандай тамақтан бас тарта тұру керектігін айтты

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2020 16:35 Pixabay
Коронавируспен ауырған адамға тұзды әрі тұздалған тамақтар қауіпті.

Коронавируспен ауырған адамдар диета ұстап, тұзды тамақтың мөлшерін шектеп, сонымен қатар алкогольді ішімдіктен де бас тартуы керек, деп хабарлайды zakon.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Мұның маңызын терапевт-дәрігер Филипп Кузменко түсіндіріп берді.

- Денедегі су-тұз балансын дұрыс сақтау коронавирус жұқтырған науқастарды емдеу кезіндегі міндетті шарт болып табылады. Ауруханаларда дәрігерлер мұны өз бетімен бақылай алады, бірақ үйден емделетін адамдар нені ішіп-жеу керек екенін білмейді, мұндайда диета аса маңызды, - дейді Кузьменко.

Оның айтуынша, КВИ-мен ауырған адам диета ұстап, тұзды тағамдар мен алкогольдерден бас тартуы керек.

- Егер, ковидпен ауырған адам болса, онда ағзадағы су-тұз теңгерімін сақтауға аса мән беру керек. Тұзды тағамдардан бас тарту қажет. Тұздалған балықты, тұздалған қиярды және т.б. көп мөлшерде жеуге болмайды. Оның орнына көбірек су ішіңіз. Сондай-ақ, ең бастысы, мұндайда алкогольді пайдалануды шектеу керек, өйткені бұл бірінші кезекте ағзадағы су мөлшерінің азаюына ықпал етеді, - дейді дәрігер.

Суды азайтқанымен қоймай, тұзды тағамдар қанды да қоюлатады, бұл коронавирус кезеңінде өте зиян.

- Тұзды тағамдар қанның сұйық болуын қамтамасыз ете алмайды. Тұзды тағамдар, керісінше қанды қоюлатады. Тұз тіндегі сұйық компонентті сорып алады, сөйтіп тамырларда қан қоюланып, қозғалысы бәсеңсиді. Сұйығы азайып, бірақ қан жасушалары көп болады. Егер адам ковидпен ауырса, мұның жанама түрде кері әсері болуы әбден мүмкін, - дейді Кузменко.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: