Келтірілген күдік негізсіз - Біртановтың адвокаты

inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2020 20:18 inform.kz
- Экс-министр өзін кейбір азаматтардың қолдап жатқанын біліп отыр және оларға алғысы шексіз, - деді ол.

ҚР Денсаулық сақтау министрі болған Елжан Біртановқа келтірілген күдік негізсіз, оның ешқандай кінәсі жоқ, - дейді оның адвокаты Дмитрий Куряченко, деп хабарлайды zakon.kz.

Адвокат Біртановқа қатысты іс сұрақ-жауап алу деңгейінде - тергеу түрінде жүріп жатқанын айтады.

- Келтірілген күдік негізсіз, - дейді ол.

Ол белгілі дәрігерлер мен қоғам қайраткерлері араға түсіп, жазған хаттары істе маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

- Заңда жекелеген адамдардың мінездемесі, кепілдік беруі қарастырылған, өйткені ол сотта белгілі бір рөл атқарады. Ал азаматтардың жеке пікірін тыңдап, оны ескеруі, заңның осы бір тұсын пайдалану жағы сотқа байланысты, - деді Куряченко.

- Экс-министр өзін кейбір азаматтардың қолдап жатқанын біліп отыр және оларға алғысы шексіз, - деді ол.

3 қарашада Қаржы мониторингі комитеті Елжан Біртановтың қамауға алынғанын хабарлады. Оның бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінгені аталды. Ол қазір Нұр-Сұлтандағы уақытша ұстау изоляторына қамалған.

5 қарашада Қазақстандағы танымал дәрігерлер оны қолдап ашық хат жазды. Олар әріптесінің кінәсіне сенбейді әрі экс-министрді босатуды сұрайды және істің әділ тергелуін талап етеді. Олар сондай-ақ петицияға қол жинай бастады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: