Қарағанды облысының карантинге жабылуы туралы сыбысқа қатысты әкім түсінік берді
liter.kz
Бүгінгі күні Қарағанды облысында КВИ-мен аурушылар саны тәулігіне 15-20 адамнан аспайды.
Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек 9 қарашадан бастап өңірде шектеу шараларының күшейтілгені туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды zakon.kz.
"9 қарашадан бастап бірқатар ірі қалаларды жабу, ПТР-анықтамасын міндетті түрде көрсетіп өтетін блок-бекеттер орналастыруды қарастыратын қосымша шаралар енгізіліп жатыр" деген хабарламаларды оқыдым. Мен барлық облыс тұрғындары мен қонақтарына мұның жалған, мүлдем сенімсіз ақпарат екенін айтқым келеді. 9 қарашадан немесе осы аптаның басқа күнінде бізде карантин шаралары күшейтілейін деп жатқан жоқ. Сондықтан, мен облыста енгізілген шаралар қазіргі эпидемиологиялық жағдайға сай екенін тағы да айтқым келеді", - деді аймақ басшысы онлайн-брифинг барысында.
Әкім Қарағанды облысына кіру немесе шығу үшін ПТР-анықтамасының қажеті жоқ екенін баса айтты.
Бүгінгі күні Қарағанды облысында КВИ-мен аурушылар саны тәулігіне 15-20 адамнан аспайды. Инфекцияның орташа таралу деңгейі 1,11% құрайды. Ауруханалардағы төсек орындардың қамтылу деңгейі де 4% -дан аспайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript