Жаңалықтар тізбегі
0

Қазан айында Ұлттық қордағы валюта түріндегі актив 1 млрд долларға дейін азайды

EADaily, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.11.2020 18:36 EADaily
Пандемияның екінші толқыны тәуекелдерінің іске қосылуы нарық көрсеткіштерін қайтадан төменге сүйреді.

Алдын ала деректер бойынша, Ұлттық қордың валюталық активтері қазанда 1 млрд долларға төмендеп, қазанның соңында 56,34 млрд долларды құрады, деп мәлімдеді Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның айтуынша, пандемияның екінші толқыны тәуекелдерінің іске қосылуы нарық көрсеткіштерін қайтадан төменге сүйреді. Мәселен, MSCI жаһандық акциялар индексі қазанда 3%-ға төмендеді. Нәтижесінде ағымдағы жылғы 10 айда жаһандық акциялардың кірістілігі теріс және (–) 1%-ды құрайды.

"Нарықтардың құлдырауын ескере отырып, Ұлттық қордың инвестициялық кірісі қазанда теріс қалыптасып, (–) $470 млн болды, оның ішінде акциялар портфелінің құлдырауы $390 млн-ға жуық болды. Соңғы айлардағы теріс серпінге қарамастан Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің жыл басынан бастап оң болып қалатынын және шамамен 950 млн болатынын атап көрсеткен жөн. Бюджетке кепілді трансферттерді бөлу түрінде Қордан алу қазанда 230 млрд теңге болды. Осыған байланысты Ұлттық Банк Ұлттық қордың валюталық активтерін шамамен $534 млн сомасына сатты", - деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: