Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодар облысының тағы 10 мың тұрғыны сапалы ауызсумен қамтамасыз етілді

Ертіс Пресс клуб, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.11.2020 18:51 Ертіс Пресс клуб
6 қарашада Май топтық су құбырында су тазартатын технологиялық жабдық іске қосылды.

Павлодар облысының тағы 10 мың тұрғыны сапалы ауыз суға қол жеткізді, деп хабарлайды zakon.kz облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстарын басқару.басқармасына сілтеме жасап.

"6 қарашада Май топтық су құбырында (МТСҚ) су тазартатын технологиялық жабдық іске қосылып, Май ауданының 10 мың адам мекен ететін 14 ауылдық елді-мекені тазартылған ауыз сумен қамтамасыз етілді. 15 желтоқсанға дейін Көктөбе ауылындағы кентішілік желілердің екінші кезеңінің құрылысы аяқталады" деп хабарлады басқармадағылар.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.11.2020 18:51

Естеріңізге сала кетейік, МТСҚ құрылысына тапсырыс беруші - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті, бас мердігер - "Қазсушар" РМК. Ал 14 ауылдық елді-мекендегі кентішілік желілер құрылысына тапсырыс беруші - Май ауданының әкімдігі.

2020 жылдың соңына дейін Павлодар облысында ауыл тұрғындарының 90% -ы сапалы ауыз суға қол жеткізеді деп хабарланған болатын. Биыл облыста ұзындығы 605 шақырым болатын 56 ірі су құбыры салынуда. Үш жыл ішінде Павлодар облысында барлық ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарлануда.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: