"TengriBank" АҚ басқарма басшысының экс-орынбасарларының ұсталғаны туралы сыбыс шықты

@yyedilov, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2020 04:19 @yyedilov
Олар банктің жалпы сомасы 8 миллиардтан астам теңге ақшасын қайтарымсыз заем түрінде беру арқылы ұрлады деп күдікке алынған.

Кейбір мәліметтер бойынша, TengriBank басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Бақтияр Ілиясов пен TengriBank-тің Алматыдағы филиалы директорының экс-орынбасары Әсет Жадықовты ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық мониторингі комитетінің Экономикалық тергеу қызметі ұстады, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің штаттан тыс кеңесшісі Ербол Еділов өзінің Telegram-арнасында хабарлады.

Олар банктің жалпы сомасы 8 миллиардтан астам теңге ақшасын қайтарымсыз заем түрінде беру арқылы ұрлады деп күдікке алынған.

Zakon.kz редакциясы бұл жайтқа байланысты түсінік беруі үшін ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық мониторингі комитетіне ресми сауал жолдады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: