Қаржы министрлігі TengriBank-тің экс-орынбасарлары ұсталғанын растады

tengribank.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2020 17:23 tengribank.kz
Ұрланған ақшаның жалпы сомасы 8 миллиард теңгеден асады.

Қаржы министрлігі "TengriBank" басшылығындағы экс-орынбасарлардың ұсталғаны туралы ақпаратты растады, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұған дейін желіде TengriBank басқарма төрағасының экс-орынбасары Бақтияр Ілиясов пен TengriBank-тің Алматыдағы филиалы директорының экс-орынбасары Әсет Жадықовтың ұсталғаны туралы ақпарат пайда болған.

Олардың қасақана қайтарымсыз несие беру арқылы банк қаражатын ұрлады деген күдікке ілінгені айтылды. Ұрланған ақшаның жалпы сомасы 8 миллиард теңгеден асады.

Қаржы министрлігі бұл іс бойынша қосымша ақпарат беретінін мәлімдеді.

Бұған дейін Бас прокуратура редакция сауалына берген жауабында Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті "TengriBank" АҚ мүлкін ұрлау фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатқандығы туралы хабарлаған. Бірақ департамент бұл іс бойынша күдікке кім ілінгенін атаудан бас тартты.

Естеріңізге сала кетейік, TengriBank банктік лицензиясынан 2020 жылдың қыркүйегінде айырылған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: