Әзербайжан Таулы Қарабақта Ресейдің тікұшағын атып түсірді
Әзербайжан әскері Арменияның әуе кеңістігінде ұшып бара жатқан Ресейдің Ми-24 тікұшағын атып түсірді.
Бұл туралы Ресейдің қорғаныс министрлігі хабарлады, деп жазады centralasian.org.
Ақпаратқа қарағанда, тікұшақ Таулы Қарабақтағы жанжал болып жатқан аймақтағы зениттік-зымыран кешенімен атып түсірілген. Екі экипаж мүшесі қаза болып, біреуі жарақат алған.
Ресейдің қорғаныс министрлігі тікұшақ #102 әскери базаға қарай беттеп бара жатқанын айтты. Ресейлік #102 әскери базаның Арменияда екі гарнизоны бар — Гюмри және Ереван қалаларында. Олар — С-300 зениттік-зымыран кешендері, МиГ-29 әскери ұшақтары, Ми-24П және Ми-8МТ әскери тікұшақтары.
Әзербайжанның қорғаныс министрлігі Ресейден кешірім сұрап, тікұшақ байқаусызда атылғанын, өтемақы төлейтінін мәлімдеді.
"Тікұшақ әзери-армян мемлекеттік шекарасына өте жақын ұшып бара жатты, ол жерде екі ел әскерлері ортасында белсенді соғыс жүріп жатты. Тікұшақ қараңғыда, радарлар көре алмаған төменгі биіктікте ұшты. Осыған дейін бұл аймақта Ресейдің тікұшақтары байқалған емес", - деп мәлімдеді Әзербайжанның қорғаныс министрлігі.