Жаңалықтар тізбегі
0

Шағын МӨЗ қызметі нарықтық қатынастармен реттеледі – Нұрлан Ноғаев

Kyzylorda-News.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2020 21:50 Kyzylorda-News.kz
Елімізде 40-тан астам шағын МӨЗ-дер жұмыс істейді.

Маңғыстау облысындағы "Mangystau Oil Rеfining" шағын МӨЗ-ін аралау барысында Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев шағын мұнай өңдеу зауыттарының қызметі қалай реттелетініне тоқталды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ЭМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Mangystau Oil Rеfining" шағын МӨЗ-інің мұнай өңдеуінің нақты көлемі жылына 65 мың тоннаға дейін жетеді, өнімнің 60%-ы экспортқа өткізілетін мазутты құрайды.

ҚР аумағында 40-тан астам шағын МӨЗ тіркелген, олардың мұнай өңдеу бойынша жиынтық жобалық қуаты – жылына 4 млн. астам тонна.

ҚР ішкі нарығының ашық түсті мұнай өнімдеріне деген қажеттілігін өңдеу тереңдігі жоғары негізгі үш МӨЗ (Атырау, Павлодар және Шымкент) қамтамасыз етеді. Көрсетілген МӨЗ-дердің жиынтық жобалық қуаты жылына шамамен 19 млн. тонна мұнайды құрайды. Ал, шағын МӨЗ-дер негізінен кейіннен экспортқа шығарылатын қара түсті мұнай өнімдерін өндіреді.

Кәсіпкерлермен әңгімелесу барысында Энергетика министрі осындай шағын МӨЗ қызметі мұнай өндірушілер мен қайта өңдеушілер арасындағы нарықтық қарым-қатынаспен реттелетінін атап өтті.

- Энергетика министрлігі отын-энергетикалық кешен саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады, - деді Нұрлан Ноғаев. – Біз бизнес субъектілерінің шарттық қарым-қатынастарына араласа алмаймыз. Қазақстанда үш ірі мұнай өңдеу зауыты жұмыс істейді. Олардың өнімдері бірінші кезекте елдің ішкі нарығын мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуге жіберіледі. Бұдан басқа, елімізде қызметі нарықтық қатынастармен реттелетін 40-тан астам шағын МӨЗ-дер жұмыс істейді. Егер қолданыстағы заңнамаға қайшы келмесе және мұнай өнімдері нарығындағы теңгерімді бұзбаса, біз өз құзыретіміздің шеңберінде қолдау көрсетуге дайынбыз.

Министр шағын МӨЗ-дерде ашық түсті мұнай өнімдерінің аз өндірілуіне байланысты МӨЗ-ден жеткізу үшін көзделген мұнай көлемін шағын МӨЗ-ге қайта бағыттау кезінде ҚР ішкі нарығында ашық түсті мұнай өнімдерінің тапшылығы туындауы мүмкін екенін атап өтті.

Сонымен бірге, экспорттық көлем есебінен коммерциялық тиімді жағдайлар болса, жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың шағын МӨЗ-дерге мұнай жеткізу мүмкіндігі бар.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: