Жаңалықтар тізбегі
0

38 жастағы полицей тоғыз баланың әкесі болды

ТО ПД баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2020 17:21 ТО ПД баспасөз қызметі
Жақында ғана полицейдің отбасында маңдайы жарқыраған ұл дүние есігін ашты.

Білек пен жүректі бірдей қажет ететін құқық қорғау саласын игерумен бірге қоғамның дамуы мен демографияға өзіндік үлесін қосып жүрген полицейлер аз емес.

Солардың бірі Келес аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі аға учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Дастан Әмірбекұлы.

Ол 1999 жылы орта мектепті ойдағыдай аяқтап, полиция қызметкері боламын деген арманмен Шымкент қаласында жоғары оқу орындарының біріне түсті. Сол сәтте оның өмірінде қос бірдей маңызды жаңалық орын алды. Біріншісі мамандық таңдап, арман қуып оқуға түсуі болса, екіншісі ата-анасының қалауымен өмірлік жарын тауып, отау құруы. Міне осы күннен бастап жап-жас студент жігіт өзінің жан-жары Дариғамен бірге бүгінгі күнге дейін бақытты ғұмыр кешіп келеді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2020 17:21

Қазіргі таңда полицейлер отбасы көпбалалы жанұялар қатарында. Жақында ғана полицейдің отбасында маңдайы жарқыраған ұл дүние есігін ашты. Яғни Дастан тоғызыншы рет әке атанды. Есімі Мұхаммед-Амин.

- Балаларымның есімдері: Шерзат, Мейрамкүл, Арайлым, Бақыт, Мерей, Асанбай, Жасмин, Шахиризада, кенже ұлым Мұхаммед-Амин. Алланың қалауымен енеме тартып, батыр ана атандым. Аллаға сансыз шүкірлік етемін! - дейді Дастанның жары Дариға.

Есімдері ұқсас, жастары шамалас қос ғашықтың бас қосқанына биыл жиырма жыл толып отыр. Дариғаның алтын құрсақты ана болуы екінші анасы, яғни енесі Райхан апаға тартуынан екен. Себебі Райхан апа да 16 құрсақ көтерген батыр ана. Алайда тағдырдың қатал сынағы болар, он алты баланың алтауы шетінеп кеткен. Десек те Дастанның ата-анасы он баладан 79 немере мен 91 шөбере көріп отыр. Бұл отбасы үшін басты байлық өмірге ұлағатты ұрпақ әкеліп, қазақтың санын көбейту.

- Алланың қалауымен отбасылы болдым, дені сау ұрпағым да дүниеге келіп жатыр. Шаңырағым шаттыққа, сәби күлкісіне толы. Сондықтан бұдан басқа менде арман жоқ. Бастысы алла менің отбасымды бақыттан айырмасын. Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын, - дейді Дастан.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2020 17:21

Дастанның ішкі істер саласында қызмет істеп келе жатқанына биыл 15 жыл. Полиция қызметкерінің қызметі темірдей тәртіп пен жауапкершілікті талап етеді. Сондықтан Дастанның мақсаты – өз қызметін абыроймен атқару, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу, өзіне қарасты аумақта ешқандай қылмысты болдырмау. Осы аталғандарға сәйкес полиция қызметкерінің бастамасымен 2020 жылдың 10 айында жасөспірімдерге байланысты нәтижелі жұмыстар жасалды. Мәселен, ағымдағы жыл ішінде аға инспектор 80-ге жуық әкімшілік хаттама толтырып, сотқа жолдады. Оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты міндеттерді орындамау, көшеде заңды өкілінсіз қыдырып жүру және жасөспірімдерге алкоголь өнімін сату бойынша әкімшілік құқықбұзушылықтар.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2020 17:21

, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2020 17:21

Жасөспірімдерге отбасында баламен қатал қарым-қатынас жасау, яғни ұрып-соғу, балағаттау, ар-намысына тию де түрлі келеңсіздікке апарады. Сондықтан есепте тұрған үйлерді тексеріп, олардың жағдайымен таныс болу Дастан үшін әдетке айналған.

Ал кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 2 жасөспірімді орналастырды. Жалпы бұл өз аумағын бес саусағындай білетін инспектордың жұмыстарының бір тұсы ғана. Одан бөлек атқарылып жатқан профилактикалық жұмыстар қаншама...

Ия Дастан Әмірбекұлы жұмысында тәртіп пен талапты қатар қойған қызметкер болса, өз шаңырағына тірек бола білген отағасы. Ал балаларына әрқашанда қамқор да мейірбан әке.

Дастан тәрбиеде адамгершілік қасиеттерді басты назарға қояды. Отбасымен бірге дастарқан басына жиналғанда үнемі "Ұл-қыздарына бастысы әрқашан адамгершілік қасиеттерің жоғары болсын. Ешқашан өтірік сөйлемеңдер, өтіріктің құйрығы бір тұтам. Қандай жағдай болса да отбасыңды бірінші орынға қойыңдар. Қызмет істесеңдер адал да іскер болыңдар! Шыншыл және сабырлы болуды да естен шығармаңдар!" - деп бағыт беріп, елдің азаматы болуға тәрбиелеп келеді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2020 17:21

Ия, қоғамдағы қауіпсіздік пен тәртіпті қадағалауға қызмет ететін учаскелік полицей болу оңай емес. Таңның атысынан түн қараңғысына дейін қылмысты болдырмау жолында қызмет етесің. Өзіңе берілген аймақты қызғыштай қорып, басқа әкімшілік аймақтармен салыстырғанда алды болуы үшін талпынасың. Тұрғындармен әрдайым байланыс орнатып, есеп беріп, алдын алу жұмыстарын жүргізесің. Ал осындай жауапкершілігі мол жұмыс пен демографияға да үлес қосып, тоғыз бірдей баланы асырап, тәрбиелеу, әрқайсысының нағыз адам болуына атсалысу оңай шаруа емес.

Сондықтан көпбалалы полицейлер отбасына әрдайым сәттілік серік болып, іңгәләгән сәби күлкісі үзілмесін дейміз. Еліміздің өркендеп алға дамуы осындай белсенді полицейлердің тамшыдай болса да үлкен теңізге қосып жатқан үлесінен дер едік...

Г.Абдужаппарова,

Түркістан облысы Полиция департаменті

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: