34 жастағы шымкенттік әйел оныншы баласын дүниеге әкелді

34 жастағы шымкенттік әйел оныншы баласын дүниеге әкелді, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.12.2024 11:13 Сурет: pixabay
Шымкентте 34 жастағы келіншек оныншы сәбиін дүниеге әкелді. Айы-күні жеткен нәресте Шымкент қалалық перинаталды орталықта дүние есігін ашты, деп хабарлайды Zakon.kz.

1990 жылы туған Әзиза Қалиева ұлын кесарь тілігі арқылы босанды. 27 қараша күні өмірге келген нәрестенің салмағы – 4900 грамм, деп хабарлады otyrar.kz. 

Дәрігерлердің айтуынша, қазір сәби мен оның анасының жағдайы жақсы.

Шымкент перинаталды орталығында жыл басынан бері 7 517 сәби дүниеге келген. Оның ішінде 707 нәресте және 96 егіз мерзімінен бұрын туған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: