Жаңалықтар тізбегі
0

Медициналық колледж бітіргендерге жұмыс табу оңай болды

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2020 21:59 видеодан кадр
Жалақы жағы бөлек әңгіме.

2020-2021 жылдары медициналық колледждердің 7,5 мыңнан астам түлегі Алматы мен өңірлердің денсаулық сақтау жүйесінің қатарын толықтырады. Алматы медколледжі бойынша биылғы түлектер арасында жұмысқа орналасу деңгейі 93%-ға жетті, деді Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-сұхбат барысында Жоғары медициналық колледждің директоры Светлана Сұлтанғазиева, деп хабарлайды zakon.kz.

Бүгінгі таңда Алматы қаласында бакалаврларды, интерндерді, резиденттер мен докторанттарды дайындаумен айналысатын ірі жоғары оқу орындары, С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Қазақстан-Ресей медицина университеті бар. Сонымен қатар, дәрігерлерді түрлі мамандықтар бойынша дипломнан кейінгі даярлауды Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті, ҚазМУ медицина факультеті, Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі және Алматы қаласында орналасқан Республикалық ғылыми-зерттеу институттары жүргізеді.

Орташа медициналық қызметкерлерді дайындаумен 10-нан астам медициналық колледж айналысады, оларда бүгінгі күні 14 мыңнан астам студент білім алуда (бұл білім алушылардың жалпы контингентінің саны), олардың 10%-ға жуығы гранттық негізде оқиды. Оқыту "емдеу ісі", "мейірбике ісі", "Зертханалық диагностика, гигиена және эпидемиология", "стоматология", "фармация" және т. б. мамандықтар бойынша жүргізіледі.

"2020 жылы медициналық колледждерде оқуды аяқтап, 3628 түлек диплом алды, атап айтқанда біздің колледжден 364 маман бітірді. Бүгінгі күні осы жылғы түлектер арасында жұмысқа орналасу пайызы жоғары және 93%-ға дейін жетеді, бұл біздің студенттеріміздің қажеттілігін және білім берудің тиісті сапасын көрсетеді", – деп атап өтті С.Сұлтанғазиева.

2021 жылы колледждердің 4100-ден астам студенті оқуын аяқтайды, олар Алматы қаласы мен өңірлердің тәжірибелік денсаулық сақтау саласындағы қатарларын толықтырады.

Өткен жылдан бастап медициналық ұйымдардың сұраныстарына сәйкес, кадрлар даярлауға бағытталған дуалды білім беру енгізілді, яғни оқу орнында оқытуды тәжірибелік қызметпен үйлестіру, білім алушы үшін жеке бағдарлама жасау. Сабақтардың теориялық бөлігі 30%-дан аспайды, студенттер көп уақытты тәжірибемен айналысады, әрі қарай сол ұйымда жұмыс істейді.

Жалпы Алматыда медицина кадрларын даярлау жүйесі құрылған. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: