Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында ішімдік сату тәртібін бұзудың 200 астам дерегі әшкереленді

profile.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.11.2020 21:15 profile.ru
полицейлер қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды болдырмау үшін "Учаске", "Құқықтық тәртіп" және "Жасөспірім" сияқты жедел алдын алу іс-шараларын үнемі ұйымдастырады.

Алматы облысының тәртіп сақшылары қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған арнайы шаралар барысында ішімдік және темекі өнімдерін саудалаудың тәртібін өрескел бұзған кәсіпкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жыл басынан бері облыста қолданыстағы заңнаманың алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу дерегі бойынша 200 астам хаттама толтырылды. Сондай-ақ, 40 кәсіпкер кәмілетке толмағандарға темекі өнімдерін сатқаны үшін жауапкершілікке тартылды. Арнайы шаралар ұлт денсаулығын сақтау және қоғамдық орындардағы тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында тұрақты ұйымдастырылады", - деп атап өтті Алматы облысы ПД бастығының орынбасары полиция подполковнигі Данияр Мендебаев.

Сонымен қатар, полицейлер қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды болдырмау үшін "Учаске", "Құқықтық тәртіп" және "Жасөспірім" сияқты жедел алдын алу іс-шараларын үнемі ұйымдастырады.

"10 айдың қорытындысы бойынша бала тәрбиесіне салғырттық танытқан 378 ата-ана әкімшілік айыппұл арқаласа, 58 жасөспірімнің түнгі мезгілде көңіл көтеру орындарында жүргені анықталды. Полиция қызметкерлері 4358 кәмілеттік жасқа толмаған жасөспірімнің заңды өкілінсіз түнде көше кезіп жүргенін әшкереледі", - деп толықтырды ведомство басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысы аумағында қараша айының 11-13 күндері "Жасөспірім" жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Өскелең ұрпақ тәрбиесіне үлес қосар шараға полицейлермен қатар, білім беру мекемелерінің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен қатар, волонтерлар да жұмылдырады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: