Жаңалықтар тізбегі
0

Студенттер қағазбастылықтан арылуы керек – Шпекбаев

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2020 17:25 Pixabay
Академиялық мәселелерді шешу үшін студентке университет әкімшілігімен байланыс орнатудың қажеті жоқ.

Adal Bilim жобалық кеңсесінің басшысы Талғат Нәрікбаев жоғары білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықпен күресте технологиялық мүмкіндіктерді пайдалануды ұсынды, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның айтуынша, академиялық қызметін ХҚКО форматына көшірген оқу орындарында сыбайлас жемқорлық факторлары азайған. Бірақ бұл тәжірибе де бүгінгі күні ескірген және онлайн-форматқа толық көшуді талап етеді.

"2014 жылы еліміздегі алғашқы жоғары оқу орны болып KAZGUU студенттері үшін ХҚКО ашты. Бір кабинетке барлық қызметтер біріктіріліп, электрондық кезек ұйымдастырылды (студенттік мұрағат, офис-тіркеуші, бухгалтер, заңгер – барлығы 8 адам). Оқу орнының әкімшілігімен тікелей қарым - қатынастан сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы ықтимал. Бүгінде КАЗГЮУ студенттері академиялық қызметтер мен оқу процесін ғана емес, өзінің қаржылық балансын да айқын бақылап отырады. Барлық мүмкіндіктері бар мобильді қосымша даярладық", - деді ADAL BILIM жобалық кеңсесінің басшысы Талғат Нәрікбаев.

Алик Шпекбаев мобильді қосымша тәжірибесін оң бағалап, барлық басқа оқу орындарын оны пайдалануға шақырды.

"Уақыт бәрін тез өзгертеді. Еліміздің үздік университеттерінің бірі KAZGUU электронды форматқа көшті. Студенттер қағазбастылықтан арылып, өз уақытын үнемдеуі керек және тиісінше барлығы қашықтан электрондық форматта болуы тиіс. Әсіресе колледждер мен жоғары оқу орындарында", - деп атап өтті ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев.

Талғат Нәрікбаевтың айтуынша, мұндай шешімді өз қызметінің сапасы мен ашықтығын арттыруға ұмтылған еліміздің кез келген жоғары оқу орны жасай алады. Академиялық мәселелерді шешу үшін студентке университет әкімшілігімен байланыс орнатудың қажеті жоқ.

Бұл туралы ол Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім берудің проблемалары мен перспективаларын талқылау жөніндегі кеңесте мәлімдеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: