Ертең қытай келіп, "құжат бойынша мен де қазақпын" десе, не істейміз?
Достар, мен әрі ойлап, бері ойлап, адамдардың пікірлерін тыңдап, Ассамблеяның ұлтты таңдау жөніндегі ұсынысы бойынша осындай қорытындыға келдім, дейді желіде қазақ ұлтшылы Мұхтар Тайжан.
Тайжанның үш түйіні мынау екен: (орфографиясы сақталды)
1. Ұлт дегеніміз ойыншық-таңдау емес, ол туғаннан қанмен келетін дүние. Ұлтты азаматтығымен шатастыруға болмайды. Адамның азаматтығын айырбасуға құқығы және мүмкіндігі әлбетте бар болуы жөн. Ал ұлтты адам өзі таңдай алмайды, ол туғаннан берілетін зат. Ұлтты адамның өз таңдауымен өзгерту - ешбір елде жоқ нәрсе.
2. Екіншіден, қазақ ұлтын таңдауға жол ашатын болсақ, ертең қытайлар болсын, басқалар болсын келіп "мен де қазақпын" деп шыға келсе, бұл жер менікі деп айтса не істейміз? Құжат бойынша ол да қазақ болады ғой!
3. Ертең елде санақ науқаны басталады, сонда Қазақстанда қазақтардың, басқалардың саны қанша қайдан білеміз? Қазақ ұлты өз біртектілігін жоғалтса - Ұлттық мемлекетті қалай құратын боламыз?
Негізі, осы Ассамблеяның ұсыныстарына біз күдікпен қарауымыз жөн. Бұл ұйымның қазақ ұлтына пайдалы, тиімді бір ұсынысын өмірде көрген емеспін. Естеріңізде болса 2009 жылы "казахстанская нация", одан кейін "үш тұғырлы тіл" деген идеяларынан бастап - барлығы қазақ ұлты үшін өз зиянын көрсетті.
Бұл жолы да "өз ұлтын адам өзі таңдасын" деген Ассамблеяның ұсынысына біз түбегейлі қарсы болуымыз қажет! Ал негізі Ассамблея таратылу керек, мүлдем пайдасыз ұйым, дейді пост авторы.