Нұр-Сұлтанда елшілік қызметкері сырттан коронавирус жұқтырып келген

rus.azattyq-ruhy.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2020 20:42 rus.azattyq-ruhy.kz
Ресей Федерациясы елшілігінің қызметкері 14 күнге оқшауланды.

Қазақстанға ұшып келген Ресей Федерациясы елшілігінің қызметкерінен коронавирус анықталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы көліктегі бас санитар дәрігер Садуақас Байғабылов мәлімдеді.

- Елордаға ұшып келген бетте елшілік қызметкерінен ПТР-тест алынды. Талдауда КВИ диагнозы расталған соң елішілік қызметкері дереу 14 күнге оқшауланды, - деді Байғабылов.

Ер адам сауалнама қағазына өзін РФ азаматы, жұмыс орны - Сыртқы істер министрлігі, келу орны - Қазақстандағы РФ елшілігі деп көрсеткен.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: