Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда коронавирус жұқтырған науқас өзі емханаға келіп қаралған

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.06.2020 17:11 zakon.kz
Онымен тікелей байланыста болған екі медицина қызметкері: емдеуші дәрігер және медбике бірден оқшауланды.

Науқас 6 маусымда, сенбі күні Алматы қаласының Жібек жолы көшесіндегі 128 үйде орналасқан №30 емханаға келген. Кейін одан коронавирустық инфекциясы расталды. Осыдан кейін емханада не болғанын бас дәрігер Жарас Қалдыбаев zakon.kz тілшісіне айтып берді.

Емхана басшысы сенбі күні өздерінде коронавирус жұқтырған науқастың болғанын растады. Коронавирус белгілері бар науқас дереу жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді. Онымен тікелей байланыста болған екі медицина қызметкері: емдеуші дәрігер және медбике бірден оқшауланды, - деді Жарас Қалдыбаев.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.06.2020 17:11

Оның айтуынша, қазір емхана қалыпты жағдайда жұмысын жалғастыруда, бірақ қатаң санитарлық-эпидемияға қарсы режим аясында.

Біз жұмысымызды жалғастырып жатырмыз, бірақ науқастарды бұрынғыдай кіргізе бермейміз, бәрі бір-бірлеп, есік аузындағы фильтрдан өтеді. Бірақ біз, ең алдымен, тұрақты ем алатын науқастарға үйінде қызмет көрсетуге ұсыныс жасаудамыз, дәрі-дәрмектерін апарып береміз. Көбісі бған келісіп жатыр, үйде дәрі-дәрмек алып, емделіп жатыр, учаскелік медициналық қызметкерлерді үйге шақырады. Бұл науқастардың өз қауіпсіздігі үшін керек ғой, - деп сөзін қорытындылады бас дәрігер.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.06.2020 17:11

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: