Қырғызстанда 708 адамнан коронавирус расталды
zakon.kz
Олардың қатарында екі медицина қызметкері бар.
Қырғызстанда коронавирус инфекциясы 708 адамның ағзасынан табылды, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл елде 2020 жылғы 28 сәуірдегі мәліметке сәйкес, СOVID-19 вирусын тағы 13 адам жұқтырған. Олардың қатарында екі медицина қызметкері бар. Осылайша, республика бойынша вирусты жұқтырған адамдар саны 708-ге жетті, олардың 185-і — медицина маманы. Сондай-ақ, қауіпті вирустың салдарынан сегіз адам көз жұмған, ал жазылып шыққандар саны — 416.
28 сәуір күнгі таңдағы мәліметтерге сай, дүниежүзінде коронавирус инфекциясын жұқтырған 3 074 435 (тәулігіне +77 442) адам тіркелген.
Қайтыс болғандар — 211 635 (+4 619) адам,
Жазылып шыққандар — 931 276 (+50 329) адам.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript