Жаңалықтар тізбегі
0

Махамбет Досмұхамбетов бір топ спортшыны марапаттады

Атырау облыстық ОКҚ, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2020 22:31 Атырау облыстық ОКҚ
Облыс әкімі спортшыларды жеңістерімен құттықтап, ел спортын дамыту бағытындағы қызметтері үшін алғыс білдірді.

Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов түрлі деңгейдегі сайыстарда топ жарып, жеңіске жеткен атыраулық бір топ спортшылар мен бапкерлерді марапаттады, деп хабарлайды zakon.kz Атырау облыстық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Марапатталғандар қатарында футболдан ҚР чемпионатының Бірінші Лига ойындарында жеңіске жеткен "Атырау" футбол клубы, алтыншы мәрте ҚР Кубогінің иегері атанған "Атырау" волейбол клубы, 5-8 қараша күндері Сербия Республикасының Нови-Сад қаласында самбодан өткен әлем чемпионатында жастар арасында "әлем чемпионы" атанған Абылайхан Мейрамбекұлы, жауынгерлік самбодан ересектер арасындағы әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болған Еркебұлан Қуанғалиев бар.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2020 22:31

Байрақты бәсекелерде өңірдің атын шығарып, ел намысын қорғап жүрген спортшылар мен олардың бапкерлеріне облыс әкімінің алғыс хаты табысталды.

Жиын барысында алғаш болып сөз алған облыс әкімі спортшыларды жеңістерімен құттықтап, ел спортын дамыту бағытындағы қызметтері үшін алғыс білдірді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2020 22:31

- Мемлекет басшысы халыққа жолдауында бұқаралық спортты дамыту мәселесін ерекше атап өткен болатын. Осы мақсатта облыста ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Соның дәлелі ретінде бүгін сіздермен қуанышты жағдайда жүздесіп отырмыз. Қос бірдей командамыз республикалық сайыста жеңімпаз атанса, қос балуанымыз әлем чемпионатында көк байрағымызды асқақтатты. Бұл – үлкен жетістік. Сіздерді жарқын жеңістеріңізбен құттықтаймын. Байрақты бсекелерде биік белестерді бағындырып, Атырау мерейін тасыта беріңіздер, – деді Махамбет Досмұхамбетов.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2020 22:31

Кездесуде сөз алған жастар арасындағы әлем чемпионы Абылайхан Мейрамбекұлы қазақ спортының жеңісті күндері әлі алда екенін атап өтті.

- Спортшылардың басты мақсаты – аянбай еңбек етіп, байрағымызды көкке көтеру. Бізге көрсетіліп жатқан қолдауларға алғысымыз шексіз. Елдің осындай ыстық ықыласының арқасында Сербияда өткен әлем чемпионатында өз мақсатыма жетіп, жат жерде әнұранымызды шырқаттым. Алдағы әлемдік додаларда да жеңістерді бағындырамыз деген сенімдемін, – деді Абылайхан Мейрамбекұлы.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: