Махамбет Досмұхамбетов Оңтүстік Кореяның елшісін қабылдады

Баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.12.2020 00:15 Баспасөз қызметі
Мұнай-химия өнеркәсібін дамыту бағытында Оңтүстік Кореяның тәжірибесі мол екені анық.

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Оңтүстік Корея республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Ку Хонг Сокты қабылдады, - деп хабарлайды zakon.kz.

Атырау облыстық коммуникациялар қызметінің ақпараты бойынша, кездесу барысында екі ел арасындағы ынтымақтастық пен екіжақты сауда-экономикалық қатынас туралы сөз болды. Махамбет Досмұхамбетов өңірге корей инвестицияларын тартуға мүдделі екендігін жеткізді.

- Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алғаннан бері екі ел арасында достық қарым-қатынаспен қатар, сауда және экономикалық қатынастар да қалыптасты. Осы орайда екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға күш саламыз. Бұл бағытта әсіресе, корей инвестициясын тарту ең негізгі мәселе, - деді облыс әкімі.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.12.2020 00:15

Сондай-ақ өңір басшысы Атырау облысы Оңтүстік Кореяның мұнай-химия өнеркәсібін қарқынды дамыту тәжірибесіне де қызығушылық танытатындығын атап өтті.

- Мұнай-химия өнеркәсібін дамыту бағытында Оңтүстік Кореяның тәжірибесі мол екені анық. Осы бағытта екіжақты тәжірибе алмассақ, бұл болашақта бірлескен кәсіпорындар құру үшін негіз бола алады, - деді Махамбет Досмұхамбетов.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.12.2020 00:15

Өз кезегінде корей елшісі қазіргі уақытта мұнай-газ саласында бірқатар бірлескен жоба жүзеге асып жатқанын айтты. Күрделі уақытқа қарамастан бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қолдау көрсеткен облыс басшысына алғысын жеткізді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.12.2020 00:15

Кездесу соңында Оңтүстік Корея Республикасының елшісі медицина саласында да әріптестік танытуға ниет білдірді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.12.2020 00:15

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: