Еліміздің бірқатар өңірін тұман басады
17 қарашада Қазақстанның бес облысы бойынша дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.
Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтіледі. Батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ойысады, түндегі желдің екпіні - 15-20 м / с. Түнде Талдықорғанда көктайғақ күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95% құрайды.
Маңғыстау облысында шығыстан екпіні секундына 15-20 метрді қамтитын жел соғады, Ақтауда да шығыстан жел соғады. Дауылдың ықтималдығы 85-90% құрайды.
Ақмола облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсіп, бұрқасын болады деп күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90% құрайды.
Қостанай облысында кей жерлерін тұман басады деп күтіледі. Дауылдың болу ықтималдығы 90-95% құрайды.
17-19 қараша күндері Жамбыл облысында кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің секундына жылдамдығы 15-20 метрді құрайды. Таразда тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтіледі. Дауылдың болу ықтималдығы 90-95% құрайды.