Локдаунды тағы бір айға ары жылжыта алдық - Денсаулық сақтау министрі
buizness-fm
Пессимистік болжам қолға алынған алдын алу шаралары арқасында кейінге шегерілді.
Қазақстанда, Оңтүстік Кореяда, Сингапурда, Жаңа Зеландияда және Израильде коронавирус эпидемиясы тізгіндеуге көніп тұр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.
ДДСҰ мәліметтері бойынша, әртүрлі елдердегі коронавирус инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы қабылданған шараларға байланысты төрт негізгі сценарий бойынша дамыды.
7 қыркүйек пен 10 қарашадағы болжамдарды салыстырып қарасақ, соңғы екі айда Қазақстан Республикасындағы эпидемиологиялық ахуал оптимистік болжамға сәйкес дамып келеді. Яғни, қабылданған шаралардың арқасында пессимистік болжам орындалмады, бұл пессимистік сценарийдің әлеуетін бір айға ары шегеруге мүмкіндік берді, - деді А.Цой.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript