Пневмонияға шалдығушылар саны ауыздықталмай тұр

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2020 16:16 Pixabay
Өткен тәулікте бұл аурудан бір кісі өлімі тіркелді.

Қазіргі уақытта 9 319 адам коронавирус инфекциясынан ем-дом алып жатыр, оның ішінде 456-сы - бала, деп хабарлайды zakon.kz ВАК-қа сілтеме жасап.

Ауруханаларда 3 126 науқас, амбулаториялық деңгейде 6 193 науқас ем алуда. 220 адамның жағдайы ауыр, 21-інің денсаулығы өте ауыр деп бағаланады, 23 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

17 қарашадағы COVID-19 белгілері бар пневмония ауруы туралы мәліметтер

Өткен тәулікте бұл аурудан 23 жағдай, бір кісі өлімі тіркелді. Бір тәулікте ауруынан емделген 54 адам жазылды.

1 тамыздан бастап COVID-19 белгілері бар пневмония бойынша 40 220 жағдай тіркелді, кісі өлімі - 421, жалпы емделіп, жазылғандардың саны - 29 634.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: