Жаңалықтар тізбегі
0

КВИ бойынша қауіпті аймаққа енбеген өңір оқушылары мектепке жіберіледі ме - ресми жауап

azh.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2020 21:40 azh.kz
Соңғы айда коронавирусқа шалдығушылар саны күрт артқан.

Нормативтік құқықтық актілерде белгіленген барлық ережелер білім алудың стандартты форматына оралу үшін мектептерге қатысты өз нәтижесін бермеуі мүмкін, деп мәлімдеді брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

"Өздеріңіз қараңыздаршы, жасыл, сары және қызыл зоналарда аймақтардың орналасу деңгейін күнделікті бақылап отырмыз, ол тұрақты емес, біресе әрі, біресе бері жылжиды. Бүгін жасыл аймақтағы өңір, ертең-ақ сары аймақтан шығуы әбден мүмкін", - дейді Есмағамбетова.

Ол осы үш аймақтың қайсысына орналасқандығына қарамастан, жалпы еліміз бойынша соңғы айларда коронавирусқа шалдығушылар саны айтарлықтай өсіп жатқанын еске салды.

- Нормативтік құқықтық актілерде айтылған және инфекцияның, коронавирустың таралуына жол бермеуге бағытталған барлық ережелер орындалмаса, ол мектепке қатысты өз нәтижесін бермеуі мүмкін. Мәселен, балалардың барлығы осы талапты мектепте орындайды дегенге күмәнмен қарайтын шығарсыз, оны орындау өте қиын. Ұшып-қонып тұрған балалардың бір айтқанға көне қоюы екіталай, сондықтан ережелер толық сақталатындығына күмән бар. Барлық мектептерді бірдей, жергілікті жердің климаттық жағдайларын ескере отырып, қазір желдете алмаймыз. Әрине, терезелер ашылмайды, тек желдету жұмысы қауіпсіз ортаны қамтамасыз ете алады. Бұл қазіргі ауа-райы жағдайында мүмкін емес. Осы шаралардың барлығын ескере отырып, бізде шешім қабылданды - деді Есмағамбетова.

Тақырыпқа орай: Алматыда оқушыларын алалаған мектептен шу шықты

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: