Өткен тәулікте 5 адам коронавирустан, 2 адам пневмониядан көз жұмды
Shutterstoc
Жалпы, КВИ салдарынан 1964 адам, 1 тамыздан бастап 423 адам пневмониядан қайтыс болды.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 19 қарашадағы жағдай бойынша коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияға шалдығушылар туралы мәліметті жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияға шалдығу бойынша 202 дерек тіркеліп, одан емделіп жатқан 95 адам сауықты.
1 тамыздан бастап мынандай деректер тіркелді: коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияға шалдыққандардың жалпы саны - 40 690, кісі өлімі - 423, емделіп, жазылғандардың жалпы саны - 29 814.
Өткен тәулікте 5 адам коронавирустан, 2 адам пневмониядан қайтыс болды.
Жалпы, КВИ салдарынан 1964 адам, 1 тамыздан бастап 423 адам пневмониядан қайтыс болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript