Жамбыл облысында кәсіпкерге қарулы шабуыл жасалды
polisia.kz
Тәртіп сақшылары екі күдіктіні ұстады.
Жамбыл облысында кәсіпкерге қарақшылық шабуыл жасалды, – деп хабарлайды zakon.kz.
Polisia.kz мәліметі бойынша, полиция қызметкерлері Шу ауданы кәсіпкерлерінің біріне қарақшылық шабуыл жасаған облыстың екі тұрғынын ұстады.
15 қарашада полицияға оқ тиіп жараланған 49 жастағы аудан тұрғыны түнде медициналық бетперде таққан бөтен екі адамның үйінің ауласына кіріп, қару кезеніп, ақша талап еткенін айтты.
Алайда үй иесі ақша беруден бас тартқан, бұл қарақшыларды ашуландырған, алайда осы кезде кенеттен отбасы мүшелері сырттан келіп қалған, осыдан сескенген екеу тұра қашқан, бірақ артына түсе ме деген қауіппен біреу артына оқ атып, ол үй иесіне тиген, - дейді полициядағылар.
Ұсталған екеудің бірі - 29, екіншісі - 34 жаста.
Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы, 3-бөлігі (Қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер өз кінәсін мойындап, қамауға алынды. Қару тәркіленіп, бірқатар сараптамалар тағайындалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript