КВИ белгілері бар пневмонияға шалдығушылар саны артып барады

Shutterstoc, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.11.2020 15:23 Shutterstoc
Өткен тәулікте COVID-19 белгілері бар пневмонияға 44 адам шалдыққан.

Денсаулық сақтау министрлігі 23 қарашадағы жағдай бойынша, COVID-19 белгілері бар пневмонияға шалдығушылар туралы тың деректермен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz.

Өткен тәулікте COVID-19 белгілері бар пневмонияға 44 адам шалдыққан, бір тәулікте одан 27 адам емделіп, сауықты.

1 тамыздан бастап COVID-19 белгілері бар пневмонияға шалдығушы науқастардың жалпы саны - 41 203, кісі өлімі - 427, жалпы бұл аурудан емделіп, жазылғандардың саны - 30 086.

Өткен тәулікте 7 адам коронавирустан қайтыс болды, пневмониядан кісі өлімі тіркелген жоқ.

Пандемия басталғаннан бері 1 990 адам коронавирустан, 1 тамыздан бастап 427 адам пневмониядан қайтыс болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: