Теңге қыркүйектен бастап алғаш рет 423 деңгейіне жетті. Ұлттық банк түсініктеме берді
Аптаны бір АҚШ доллары үшін 427,98 теңге деңгейінен бастап, ұлттық валюта қыркүйектен бастап алғаш рет 423 деңгейіне жетті. Мұнай бағасы вакциналар мен мұнай өнімдеріне сұраныстың тез қалпына келуін күту аясында күрт өсті. Биржаның валюталық секциясындағы сауда-саттық көлемі өсіп, белсенділіктің артқанын көрсетті. ҚР Ұлттық банктің Монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов валюта нарығындағы ахуалға баға берді, деп хабарлайды zakon.kz.
25 қарашадаy бері доллар теңгеге қатысты биржада орта есеппен 422,90 деңгейінде саудаланып жатыр.
"Аптаның басынан бері ұлттық валютаның бағамы 5 теңгеден астам немесе 1,2%-ға нығайды. Теңгенің оң серпіні қолайлы сыртқы конъюнктура, сондай-ақ экспорттаушылардың салық төлемдерін жүзеге асыру үшін шетел валютасын сатуы аясында орын алуда", деп атап өтті Ұлттық банктегілер.
Аптаның басынан бастап сыртқы жағдайлар жаһандық тәуекел-сентиментінің жақсаруымен сипатталады.
- Инвесторлар коронавирусқа қарсы әзірленіп жатқан вакциналардың тиімділігі туралы хабарламаларды оң бағалауда, бұл экономикалық белсенділіктің тез қалыпқа келу ықтималдығын арттырады. Сонымен қатар, билікті сайланған президент Д. Байденге Д.Трамп әкімшілігінен ресми түрде берудің басталуы тәуекел дәрежесін қолдайды. Сонымен бірге нарықтар ФРЖ-нің бұрынғы басшысы Д.Йелленді АҚШ Қаржы министрі лауазымына тағайындау перспективаларына оң жауап береді, бұл қаржылық ынталандыруға байланысты болып отыр, - дейді ҚР Ұлттық банктің Монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов.
Ол вакцинациялау мүмкіндігінің артуы және отынға деген сұраныстың тезірек қалпына келуі мұнай бағасы котировкасының өсімін қолдайды. Brent сұрыпты мұнайдың әлемдік бағасы бірнеше күн қатарынан өсіп келеді және Азия нарықтарындағы бүгінгі сауда-саттық барысында наурыздың басынан бастап алғаш рет оның бір баррелі 48 доллардан асты. Осыған орай, Норвегия кроны мен Канада доллары сияқты шикізат шығарушы елдердің валюталары аптаның басынан бастап 1,3%-ға және тиісінше 0,6%-ға нығайды.
EIA энергетикалық агенттігінің мәліметтері бойынша, жуық арада сұранысқа қайта ие бола бастайтыны алдын ала болжанғанына қарамастан, АҚШ-тағы мұнай қоры артып келеді. Мәселен, осы айдың басынан 13 қарашаға дейін АҚШ-та шикі мұнай қорының баррелі 484,4 млн-нан 489,5 млн-ға дейін өсті.
- Сыртқы позитивтің әсерінен бөлек, осы апта – салық аптасы боп саналады, бұның өзі нарықта валютаның ұсынысын едәуір күшейте түсті. Мысалы, дүйсенбі, 23 қараша күні биржадағы сауда көлемі 170 млн долларға жетті, бұл – осы қарашада биржада тіркелген күндізгі орта көлемнен 1,5 есе көп дегенді көрсетеді, - дейді Тұрсынханов.
Дамушы елдердегі валюталар сыртқы нарықтағы жағдайларға, мейілінше, жақсы әсер етіп отыр. Апта басында оңтүстік африкалық ранд 1,3%-ға бекісе, Ресей рублі 1%-ға, Мексика песосы 0,3%-ға нығая түсті. Бұл жерде рубльдің өзі экспортерлердің тарапынан түскен салық есебінен нығайып отыр.
- Ал, теңге сыртқы және ішкі факторлардың жайлылығынан, одан қалды, тәуекел-сентимент пен нарықтағы энерготасымалдаушылардың позитивті жаңалықтарының және жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан түскен көлемді салықтардың арқасында бекіп тұр, - дейді департамент басшысы.
Бұл жерде мұнай бағасының көтерілуі – оны тұтыну деңгейін дер кезінде қалпына келтіруге себепші болып жататынын айта кету керек. Дегенмен АҚШ-тағы мұнай қорының есебі көрсетіп келгендей, тұтыну көлемі болжалды деңгейге көтеріле алмай отыр. Сол себепті, шынайы тұтынымның шамасына қарай көмірсутек бағасына да өзгерістер еніп тұруы мүмкін.