Жаңалықтар тізбегі
0

Семейде тығылып той жасап жатқандар ұсталып қалды

ШҚО коммуникациялар қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2020 15:51 ШҚО коммуникациялар қызметі
Жүз адамға арнап үйлену тойы өткізген мейрамхана анықталды.

Семейде кезекті рейд барысында жүз адамға арнап үйлену той өткізген мейрамхана анықталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Жұмылдыру тобымен бұқаралық отбасылық шараларды өткізуге тиым салынуына қарамастан той жүріп жатқан мейрамхана анықталды. Шектеу шараларына қарамастан семейліктер отбасылық шаралар өткізуде. Мейрамхана иелері өз мекемелерінің есіктерін жабу, келушілердің автокөліктерін мекемеден қашық жерлердегі көлік тұрақтарына қою сынды қулықтарға барады. Бүгін жұмылдыру тобы той жүріп жатқан мейрамхананы анықтады.

– Бізге біршама уақыт есікті ашпады. Бізге есікті ашқанға дейін екі сағаттан артық далада жүрдік. Үйлену тойына 100-ден астам жиналған, күтушілерді қосқанда 120 адамнан асады. Шектеу шараларына қарамастан адамдар бұқаралық адамдар жиналатын орындарға барып отбасылық мерекелерді өткізуді жалғастыруда. Қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайда жол берілмейтін әрекет, – дейді " Семей – адалдық алаңы" штабының жетекшісі Дариға Дайрова.

1 қазаннан бастап Семейде 112 рейдтік іс-шара жүргізілді, 1543 кіші және орта бизнес нысандары тексерілді, 210 бұзушылық анықталды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: