Жаңалықтар тізбегі
0

Бірге оқимыз

"Birgemiz Bilim", сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2020 16:06 "Birgemiz Bilim"
Жобаға Алматы облысының ауыл мектептерінен 3000-нан астам оқушы қатысты.

Алматы облысында "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ гранты аясында "DOS.kz" әлеуметтік еріктілер орталығы "Алматы облысының ауылдық жерлердегі жоғары сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындау, ағылшын тілін, компьютерлік және құқықтық сауаттылықты үйрету бойынша еріктілік көмек көрсететін "Birgemiz Bilim" жалпыреспубликалық жобасын" жүзеге асырды.

Жобаға Алматы облысының ауыл мектептерінен 3000-нан астам оқушы қатысты. Бір мезетте бірнеше бағдарламаға қатысқан оқушының аты-жөні жазылған жиынтық тізімге 1036 оқушы қамтылды. Соның ішінде: ҰБТ-ға дайындық бойынша мамыр-шілде айларында - 184 оқушы білім алып, 75% ҚР жоғары оқу орындары мен колледждеріне грантқа түсті.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2020 16:06

"DosCamp.kz" онлайн-лагерінде – 405, түрлі олимпиадаларға 400-ге жуық бала қатысып, үздік шыққандары 60 смартфон, 30 рюкзак, құлаққаптармен марапатталды. Жобаның барлық кезеңінде 200-ге жуық бала ағылшын тілі сабақтарына қатысты. Тренингтерге, балаларға арналған "ANTIKOR.INFO.KIDS" сыбайлас жемқорлыққа қарсы және құқықтық сауаттылық мектебінің жаңа жобасын қоса алғанда 554 бала қатысты.

І.Жансүгіров атындағы ЖМУ студенттері, Талдықорғандағы НЗМ жоғары сынып оқушылары және pro bono еріктілерінен жобаға тартылған 100 еріктінің 38-і наурыз-қараша аралығында толықтай жұмыс істеді.

Үздік 10 ерікті 50 000 теңгеден, "Үздік командалық нәтиже" байқауы бойынша үш команда 120 000 теңгеден, "Волонтерлық білім беру үздік жобасы" бойынша үш команда 120 000 теңгеден сертификаттар алды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2020 16:06

Жоба Алматы облысының білім басқармасы, Талдықорған қаласы НЗМ, І.Жансүгіров атындағы ЖМУ, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті, "Дарынды балаларды және талантты жастарды анықтау және қолдау облыстық оқу-әдістемелік орталығымен" серіктестікте жүзеге асырылды.

Білім беру еріктілігі қарқын алуда!

, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2020 16:06

"Дос.kz" Әлеуметтік еріктілер орталығының" ҚБ директоры Котельникова Л.Л.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: