Жаңалықтар тізбегі
0

Шығыстағы "Төре тоғам" балық зауыты қайта жаңғыртылмақ

informburo.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2020 21:20 informburo.kz
Күршімдегі өнеркәсіп пен кәсіпкерліктің жай-күйі қандай?

Күршім ауданында 2020 жылы өндірістік қуаттылығы жылына 500 мың тонна кен өндіретін Қаршыға кен орнының тау-кен байыту комбинатын іске қосылуына орай 200 жұмыс орны құрылды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Бизнестің жол картасы - 2025" бағдарламасы бойынша "Төре тоғам" балық зауытын қайта жаңғыртып, заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету үшін несие алынды.

Ішкі туризм саласын дамыту аясында Бұқтырма су қоймасының жағалауындағы Құйған ауылында жеке кәсіпкер А.Алексеев демалыс үйін ашты.

Қойтас ауылында "Жақсылық" шаруа қожалығы көкөніс, тамыр, жеміс және түйнек жемістілерді өсіруге арналған жылыжай ашуды қолға алуда.

2021-2023 жылдары Қалжыр ауылында техникалық қызмет көрсету станциясы, ағаш өндіру цехы ашылып, Қаратоғай, Марқакөл, Жолнұсқау ауылдарында көлік қызметтерін ұсыну жөніндегі қызметті кеңейту жоспарлануда.

Сондай-ақ "Ақ ниет" өңірлік бағдарламасы аясында ауыл кәсіпкерлігін дамыту бойынша жалпы жоба сомасы 109,1 млн теңге құрайтын тағы 9 жоба қолға алынады. Нәтижесінде 33 жұмыс орны ашылады.

2020-2024 жылдары жеке кәсіпкер "Н.Долданова" аталған бағдарлама арқылы 30 адамға арналған қонақ үй ашуды жоспарлауда. Жаңа қонақүй ауыр жүк көлігі жүргізушілеріне арналатын болады. Болашақ қонақүйдің аумағы 15 га, жүк көліктерін тұраққа тұруын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

2020-2022 жылдары Маралды, Ұрынхай ауылдарында жергілікті нау-байханаларды жаңғырту, Марқакөл ауылында тігін цехын кеңейту жоспарлануда.

Сонымен қатар Күршім ауылында 2020-2023 жылдары тігін, жиһаз цехтарын, ағаш өңдеу өндірісін кеңейту, техникалық қызмет көрсету станциясын ашу жоспарлануда.

Нәтижесінде өнеркәсіп өнімінің көлемі 1,6 есеге артып, 3,7 млрд теңгеге жетеді, оның ішінде өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 2,4 есеге (2,8 млрд. теңге) артады.

Өндіріс қуатының жүктемесін арттыру, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар ашу және жаңа кәсіпорындар ашу есебінен жалпы 1000-нан астам жаңа жұмыс орны құрылатын болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: