Бекшин өз мекемесіндегі 55 млн теңгеге қатысты заңбұзушылық туралы ақпаратты жоққа шығарды
Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин аудиторлық тексеру барысында оның бөлімінен 55 миллион теңгеге қатысты заң бұзушылықтар анықталды деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұған дейін КТК телеарнасы Тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау басқармасы 55,5 миллионға татитын заң бұзушылықты анықтады деп хабарлаған. Бұл мекеменің медициналық қызметкерлері орташа тәуекел тобына жатады, сондықтан оларға қосымша 212,5 мың теңгеден төленуі керек болатын, бірақ іс жүзінде зейнетақы мен міндетті төлемдер осы жәрдемақыдан ұсталды. Істің барлық материалдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке берілді, Бекшинге тергеу жүргізу тапсырылды. Дәрігерлерге тиесілі ақша ақыр соңында төленді делінген.
Бүгінгі күні 51 миллион теңгеден астам соманың бюджетке қайтаруға жатпайтын процедуралық бұзушылықтар бойынша анықталғанын айта кеткім келеді. Мұның бәрі - салық төлемдері, шегерімдер, есеп айырысулар. Барлық шегерімдер ТҚСҚБ хаты негізінде жүзеге асырылды. Әрине, олар ешкімге берілген жоқ, керісінше ұсталды. Осы сомалардан төлемдер ұсталмайтыны түсіндірілген соң, мұның бәрі бюджетке аударылды, біздің қызметкерлердің есепшотына түскен жоқ. Бұқаралық ақпарат құралдары ақпараттарды дұрыс көрсетпеген. 4 миллион теңге ауруы бойынша демалыста болғандарға төленді. Бұл сома қайтаруға жатады. Бұл жерде қызметкерлердің ауруы бойынша демалыста болғанын, дәрі-дәрмектер сатып алу қажет болғанын түсінуге болады. Комиссия департаментті тексеріп, барлық есеп-қисапты сараптау кезінде ешқандай ақша ұрлығы болған жоқ деген қорытындыға келді. 55 миллион деген сөз атымен жоқ, тек ауруы бойынша үйінде емделгендерге төленген 4 миллион жайы сөз болған. Неліктен ақпарат бұлай бұрыс берілгені түсініксіз, - деп түсіндірді Жандарбек Бекшин.
Ол атап өткендей, оның департаментіне ҚБТУ-дан зейнетақы және басқа төлемдерді ұстап қалу қажет деген хат келген.
- Соған сәйкес, біз оларды ұстап қалдық. Тексеру кезінде бізге осыған қатысты ескерту жасалды, біз оны түзедік. Мұндай заңбұзушылықтар республикамыздың барлық мемлекеттік органдарында орын алған. Біз салықтық жеңілдіктерді есептеуді тоқтаттық. Біз жоғары тұрған органның нұсқау хатын орындадық, бар болғаны сол, - деді Бекшин.