СҚО-да салынып жатқан кірпіш зауыты өңірдегі сұраныстың 40% қамтамасыз ете алады

Баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2020 20:13 Баспасөз қызметі
Нысан 2021 жылдың мамырында пайдалануға беру жоспарланған.

Жыл сайын өңірде тұрғын үй құрылысы қарқынды жанданып, соған сәйкес құрылыс материалдарына деген сұраныс та артып келеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Жаңадан салынып жатқан кірпіш зауыты Солтүстік Қазақстан облысына бұл тауар түрін сырттан әкелу қажеттілігінен жартылай босата алады.

Қызылжар ауданының Подгорное ауылында облыстың өндірістік картасында жаңа нысан пайда болады. Жобаға салынған инвестиция көлемі - 1,5 млрд теңге. Кәсіпорын толық қуатымен жұмыс істесе, тәулігіне 150 мыңға дейін кірпіш шығара алады.

2021 жылы Солтүстік Қазақстан облысында көп қабатты үйлер салуға шамамен 67 миллион кірпіш қажет болады. Подгорныйдағы кірпіш зауыты жылына 27 миллион дана кірпіш өндіре алады немесе бұл аймақтағы материалға деген қажеттіліктің 40% құрайды.

Зауыт құрылысы биыл қыркүйекте басталды. Нысан 2021 жылдың мамырында пайдалануға беру жоспарланған.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2020 20:13

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: