Талғар қаласының әкімі жаңадан тағайындалды
instagram.com
Бұл лауазымды қызметке Нұрмұханбет Айдар Болатбайұлы келді.
Алматы облысы, Талғар ауданы әкімінің өкімімен Талғар қаласының әкімі лауазымына Нұрмұханбет Айдар Болатбайұлы тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.
Айдар Болатбайұлы 1979 жылы 29 маусымда Қапшағай қаласында дүниеге келген.
2006 жылы Дінмұхамбет Қонаев атындағы университетті "құқықтану" мамандығы, 2008 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін экономист мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек еткен жылдары әкімдікте, сол секілді әділет саласында түрлі лауазымда қызметтер атқарған. Ол 2017 жылдан 2020 жылға дейін Талғар аудандық әділет басқармасының бастығы болды, ал 2020 жылдың қаңтарынан бастап қазіргі уақытқа дейін Еңбекшіқазақ ауданаралық әділет басқармасының бастығы қызметін атқарды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript