Данияр Елеусінов IBF рейтингісінің ең үздік 10 боксшы тізімінен бір-ақ шықты

sports.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.12.2020 16:15 sports.kz
Ол IBF Intercontinental титулын иеленіп, жартылай орта дивизион (66,68 келіге дейін) рейтингісінде тоғызыншы орынды еншіледі.

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) титулды жекпе-жектегі жеңістен кейін IBF рейтингінің ТОП-10 тізіміне кірді, деп хабарлайды zakon.kz sports.kz-ға сілтеме жасап.

28 қарашада Голливудтағы бокс алаңында жасындай жарқылдаған қазақ спортшысы бұрынғы әлем чемпионы намибиялық Джулиус Индонгоны (23-4, 12 КО) екінші раундта нокаутпен жеңіп, IBF Intercontinental титулын иеленді. Осылайша Данияр жартылай орта дивизион (66,68 келіге дейін) рейтингісінде тоғызыншы орынды еншіледі.

Бұл дивизион чемпионы - америкалық Эролл Спенс, ал рейтинг көшбасшысы - өзбекстандық Кудратилло Абдукахоров.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: