Жоғарғы Сот судьясы Қаһарман Дүйсенбаев қызметінен босатылды

Жоғарғы соттың баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.12.2020 16:29 Жоғарғы соттың баспасөз қызметі
Сенаттың 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 845-V ПС қаулысымен, ол Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы болып сайланған еді.

Дүйсенбаев Қаһарман Базарбекұлы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы қызметінен босатылды, деп хабарлайды zakon.kz.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.12.2020 16:29

Дүйсенбаев Қаһарман 1964 жылы 31 қазанда Қызылорда қаласында дүниеге келген.

Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:

С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті (1989), мамандығы - заңгер

Еңбек өтілі:

· Қызыл-Орда қаласының Ы.Алтынсарин атындағы кең экранды кинотеатрының проекционері (1981-1985);

· Қызыл-Орда облысы Сырдария аудандық сотының жүргізушісі (1985-1986);

· Сот отырысының хатшысы, Қызыл-Орда облыстық сотының аға консультанты (1986-1993);

· Қызыл-Орда облысы, Ленинск қаласы сотының судьясы (1993-1997);

· Қызылорда облыстық сотының судьясы (1997-2002);

· Қызылорда облысы, Қармақшы аудандық сотының төрағасы (2002-2007);

· Қызылорда облысы Арал аудандық сотының төрағасы (2007-07.2012);

· Қызылорда облысы Сырдария аудандық сотының төрағасы (02.07.2012-12.12.2013);

· Қызылорда облыстық сотының судьясы (12.12.2013-18.12.2015);

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы (10.12.2015 жылдан бастап)

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: