Қазақстандағы 13 қала ауылға айналады
Ашық дерекөздерден алынды
Оған себеп - халықтың азаюы.
Облыстық маңызы бар 13 қазақстандық қала ауылға айналады. Оған себеп - халықтың азаюы, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұған дейін қолданыстағы заңнама олардың мәртебесін өзгертуге мүмкіндік бермейтін. Реформа әкімшілік-аумақтық құрылым туралы заңға енгізілген түзетулердің арқасында мүмкін болады. Олар бүгін ел парламентінің сенатында қабылданды.
"Депутаттардың пікірінше, өзгерістер бұл елді-мекендердің тұрғындарына болашақта мемлекеттің қосымша қолдауына сенуге мүмкіндік береді. Бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері жалақының 25% өседі, коммуналдық төлемдерге байланысты жеңілдіктер алады және арнайы жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламаларына қатысуға мүмкіндік алады", деп хабарлайды "Хабар 24".
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript