Алматы коронавирус бойынша "сары" аймақтан босап шықты

"Қызыл" аймаққа төрт өңір кіреді.
Қазақстан қалаларындағы коронавирустың таралуы деңгейін бағалау кестесінде өзгерістер орын алды, деп хабарлайды zakon.kz.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 4 желтоқсандағы жағдай бойынша ел өңірлеріндегі көрініс төмендегідей сипатталады.
"Қызыл" аймаққа мыналар жатады:
Қостанай облысы
Ақмола облысы
Солтүстік Қазақстан облысы
Павлодар облысы
"Сары" аймақтағылар:
Шығыс Қазақстан облысы
Атырау облысы
Нұр-Сұлтан қаласы
Қалған қалалар мен облыстар, соның ішінде жақында ғана "сары" аймақта болған Алматы қаласы да "жасыл" аймақта екенін ескертеміз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript