Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандағы қай қалалар ертең ауыл атануы мүмкін

pkzsk.info, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2020 19:23 pkzsk.info
Халқының саны 10 мыңға жетпейтін қалалардың мәртебесі міндетті түрде өзгермейді. Шешім түрлі деңгейлердегі талқылаудан кейін қабылданады.

Қазақстанның 13 қаласы өз мәртебесінен айырылып, ауыл болып қалуы мүмкін, деп хабарлайды zakon.kz.

3 желтоқсанда ҚР Парламенті Сенатының отырысында "Қазақстанның әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" Заңға аудандық маңызы бар қалалар мәртебесін ауыл мәртебесіне ауыстыруды көздейтін түзетулер қабылданды.

Өзгерістер туралы айтқан сенатор Нұрлан Бекназаров аудандық маңызы бар қалаларға назар аударды. Қолданыстағы заңға сәйкес, бұларға кемінде 10 мың адам тұратын елді мекендер жатады. Оның айтуынша, қазіргі уақытта аудандық маңызы бар 48 қаланың 10-нан астамы бұл талапқа сәйкес келмейді және олардың мәртебесі халық санының аздығына байланысты өзгертілуі мүмкін.

Аудандық маңызы бар қай қалаларда тұрғындар саны 10 мыңға жетпейді

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша, республикадағы 14 аудандық маңызы бар қалада халық саны 10 мың адамға жетпейді.
Бұлар:

1. Степняк қаласы – Ақмола облысы Біржан Сал ауданының әкімшілік орталығы. 2020 жылы онда 3 457 адам тұрады, тұрғындар саны ақырындап азайып келеді.

2. Ерейментау қаласы – Ақмола облысы Ерейментау ауданының әкімшілік орталығы. 2020 жылдың 1 қазанында онда 8 819 адам тұрған.

3. Державинск қаласы – Ақмола облысы Жарқайың ауданының әкімшілік орталығы. Онда 5 811 адам тұрады, халқы азайып келеді.

4. Темір қаласы – Ақтөбе облысының Темір аудандағы қала. Онда тұратын 2 135 адам тіркелген. Тұрғындар саны біртіндеп азайып келеді.

5. Жем қаласы - Ақтөбе облысындағы Мұғалжар ауданындағы қала. 2019 жылы бұл қаланың 1 772 тұрғыны болған. Ол жерден де халық көшіп жатыр.

6. Шар қаласы – Шығыс Қазақстан облысындағы Жарма ауданындағы қала. 2020 жылдың 1 қазанында 6 534 адам тіркелген.

7. Серебрянск қаласы – Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданындағы қала. 2019 жылы ол жерде 8 429 тұрғын тіркелген.

8. Қарқаралы қаласы – Қарқаралы ауданының әкімшілік орталығы. 2020 жылы 8 237 адам тіркелген. Қалада халық санының өсуі байқалуда.

9. Қазалы қаласы – Қызылорда облысының Қазалы ауданындағы қала. 2020 жылы 5 540 тұрғын тіркелген. Халық саны азайып келеді.

10. Форт-Шевченко қаласы – Маңғыстау облысындағы қала. 2020 жылдың қазан айындағы деректерге сай, онда 6 771 тұрғын тіркелген. Халық саны көбейіп келеді.

11. Сергеевка қаласы – Солтүстік Қазақстан облысындағы Шал ақын ауданының әкімшілік орталығы. 2020 жылғы қазанда 7 610 адам тіркелген, халық саны ақырындап азайып келеді.

12. Булаево қаласы Солтүстік Қазақстан облысындағы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімшілік орталығы. 2020 жылдың қазанында онда 7 681 адам тұрған. Халық саны азайып келеді.

13. Мамлютка қаласы – Солтүстік Қазақстан облысындағы Мамлют ауданының әкімшілік орталығы. 2020 жылдың қазанында онда 6 769 тұрғын тіркелген. Халық санының азаюы байқалуда.

2019 жылғы деректер бойынша, Қарағанды облысына қарасты Қаражал қаласында 9 664 тұрғын болған. Биыл қазан айында ондағы тұрғындар саны 18 677 адамды құрады.

Тағы қай қалалар ауыл мәртебесіне түсіп қалуы мүмкін

Статистикалық деректерге сай, келесі қалаларда халық саны 10 мың адамға жуық:

1. Есіл – Ақмола облысы Есіл ауданының әкімшілік орталығы. Халқы – 10 265 адам, азайып келеді.

2. Сарқант – Алматы облысы Сарқан ауданының орталығы. Халқы – 10 521 адам, азайып келеді.

3. Тайынша – Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданының әкімшілік орталығы. Халқы – 11 446 адам, азайып келеді.

4. Ембі - Ақтөбе облысындағы Мұғалжар ауданындағы қала. Халқы – 11 808 адам.

Халқының саны 10 мыңға жетпейтін қалалардың мәртебесі міндетті түрде өзгермейді. Шешім түрлі деңгейлердегі талқылаудан кейін қабылданады.

Ауыл мәртебесі жергілікті тұрғындарға түрлі мемлекеттік және әлеуметтік қолдау тетіктерін пайдалануға мүмкіндік береді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: