Жаңалықтар тізбегі
0

"Қоғамдық келісім" мекемесі директорының орынбасары тағайындалды

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.12.2020 15:43 ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
Харламов деген қазақша, ағылшынша, түрікше сөйлей алатын адам.

Константин Харламов Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі "Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

К.И. Харламов ҚХА қызметі мен этносаралық қатынастар саласындағы жұмыстарды ақпараттық сүйемелдеуді ұйымдастыру мәселелерімен айналысатын болады.

Ол 1984 жылғы 22 наурызда дүниеге келді.

2005 жылы Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ді "журналистика" мамандығы бойынша, 2015 жылы - магистратураны Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін "мемлекеттік басқару" мамандығы бойынша бітірді.

Мемлекеттік (қазақ), орыс, ағылшын, түрік тілдерін жетік меңгерген.

Еңбек жолын 2003 жылы "КТК телеарнасы" АҚ, "Караван" газетінде, "Біздің Спорт" интернет-сайтында тележүргізуші, тілші болып бастаған.

2006 жылдан 2008 жылға дейін "Астана телеарнасы" ЖШС-де тележүргізуші, шығарушы редактор болып жұмыс жасады. Әр жылдары ол ҚР Жоғарғы Соты БАҚ және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас консультанты, БҰҰДБ (Біріккен Ұлттар Ұйымын Дамыту Бағдарламасы) PR-маманы, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ баспасөз хатшысы, ВТБ Банк АҚ ЕҰ (Қазақстан) баспасөз хатшысы, Қазақстан автобизнес қауымдастығының (ҚАБҚ) атқарушы директоры қызметтерін атқарды.

2015 жылдан 2016 жылға дейін Константин Харламов Қазақстан футбол федерациясы ақпараттық саясат департаментінің директоры болып еңбек етті. 2017 жылғы сәуірден бастап қазіргі тағайындауға дейін ол Atameken Business телеарнасының жаңалықтар жүргізушісі, "Бизнес и Закон" және "Наше Дело" апталық аналитикалық бағдарламалар авторы мен жүргізушісі болып жұмыс істеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: